Жобаның қысқаша сипаттамасы:
"Балалар Әлемі" – қазақ тілінде балаларға арналған мультфильмдер, бағдарламалар, және білім мен ғылымды қызықты түрде жеткізетін контент дайындауға бағытталған жоба. Жоба ұлттық мәдениеттің негізінде балаларға сапалы, тәрбиелік мәні бар және қызықты контент ұсыну арқылы олардың дамуына ықпал етуді мақсат етеді. Сондай-ақ, балаларға арналған YouTube каналын дамыту арқылы балалар контентін кең аудиторияға жеткізу көзделеді. Жобаның мақсаты: Балаларға арналған қызықты, тәрбиелік мәні бар мультфильмдер, бағдарламалар және білім мен ғылымды түсіндіретін контент дайындау. Сонымен қатар, балаларға арналған YouTube каналын дамыту арқылы қазақ тілді балалардың білім көкжиегін кеңейту және олардың тілдік, мәдени дамуына үлес қосу.
Жобаның міндеттері:
- Мультфильмдер жасау: Ұлттық және әлемдік құндылықтарды қамтитын, балалардың жас ерекшелігіне сай қызықты және тәрбиелік мәні бар мультфильмдер шығару.
- Білім мен ғылымды түсіндіру: Балаларға ғылымның қызықты жақтарын таныстырып, білім алу процесін ойын түрінде жеткізуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу.
- Тәрбиеге бағытталған бағдарламалар: Балалардың адамгершілік, ұлттық мәдениет және дәстүрлер туралы білімін арттыруға арналған бағдарламалар жасау.