Мақсаты: Мұқтаж отбасыларынан шыққан балаларға білім алуға көмектесу және олардың оқу процесін жеңілдету.
Міндеттері:
- Оқу ақысын төлеу: Қор оқу ақысын төлеу арқылы мұқтаж отбасыларынан шыққан балалардың білім алуына қолдау көрсетеді. Бұл бағыт балалардың мектеп немесе жоғары оқу орындарында білім алуын қамтамасыз етуге арналған.
- Оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету: Балалардың оқу процесін жеңілдету үшін қажетті оқу құралдары мен жабдықтарды (кітаптар, компьютерлер, жазу құралдары және т.б.) қамтамасыз ету.
- Қосымша пәндер және дайындық курстары: Балаларға қосымша пәндер мен дайындық курстары үшін қаржылай көмек көрсету. Бұл көмек балалардың оқудағы жетістіктерін арттыруға және ұлттық біріңғай тестілеуге дайындауға бағытталған.